$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.04.2020, 21:46
Жаңалықтар

Он өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 8 облыс пен 2 қалада ескерту жариялады

Он өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты 30 сәуірге бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Атап айтқанда, Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан желі соғады, күші 15-20 м/с артады.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Шымкент қаласында түннің бірінші жартысында найзағай болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай, бұршак, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Карағанды облысында найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Серіктес жаңалықтары