$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.04.2020, 18:35
Жаңалықтар

4 мамырдан бастап Қазақстан бойынша шаштараздар мен дүкендер ашылады

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады

4 мамырдан бастап Қазақстан бойынша шаштараздар мен дүкендер ашылады

Жұмыс істеуге рұқсат берілген орындар арасында фотосалондар мен гүл сататын дүңгіршектер де бар.

«Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, карантин жағдайында өңірлердегі шектеу шараларын одан әрі жеңілдету жөніндегі ұсыныстар туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов баяндады», - жеп хабарлайды Премьер-министрдің ресми сайты.

Осылайша, 4 мамырдан бастап Қазақстан бойынша мына субьектілер жұмыс істеуге кіріседі:

•            аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері);

•            фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;

•            шаштараздар (жазылу бойынша);

•            медицина орталықтары (жазылу бойынша);

•            стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша);

•            жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;

•            шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;

•            ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.

Сонымен қатар, мемлекеттік комиссия бірқатар ішкі әуе рейстерін ашқалы отыр. Дәлірек айтсақ, 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге ұшақ қатынай бастайды.

Кенжекей Тоқтамұарт, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары