$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында жүздеген ауланы су басып, ондаған үйді су алып қалды

Шығынды есептеу, қосымша нақтылау шаралары жүріп жатыр

Жамбыл облысында жүздеген ауланы су басып, ондаған үйді су алып қалды
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Сарысу ауданы Жаңатас қаласына барып, су алған аулаларды аралап көріп, ахуалмен танысты. Бұл туралы Azattyq Rýhy өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске сала кетейік, жексенбі, 7 шілде күні Сарысу ауданы Жаңатас қаласында қатты жауын-шашын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, бірқатар көшелердегі 400-ден астам үйдің ауласы мен 47 үйдің ішін су алды.

Шығынды есептеу, қосымша нақтылау шаралары жүріп жатыр.

Жергілікті атқарушы орган және төтенше жағдайлар департаментінен жұмылдырылған 50-ден астам адам тұрғындарға көмектесіп, су айдау жұмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек, 17 бірлік техника тартылып, 11 мотопомпа қолданылуда. Қажетті техникалар санын арттыру үшін жедел шаралар қолға алынуда.

Қазір арнайы техникалардың көмегімен суды тоқтату, бағытын бұру жұмыстары үздіксіз атқарылуда.

Зардап шеккен тұрғындар үшін қабылдау пунктері дайындыққа келтірілді. Азаматтарды тасымалдауға арнайы көліктер қарастырылған.

Жалпы, төтенше жағдай салдарын жою, қалыпқа келтіру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.

Ербол Қарашөкеев жедел штаб отырысында орын алған жағдайдың қайталанбауы үшін себебін зерделеу бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

– Арнайы комиссия құрылып, тұрғындарға, зардап шеккен нысандарға заң талаптарына сәйкес барлық қажетті көмек, қолдаулар көрсетіледі. Біз бұл қиындықты да бірге еңсереміз, – деген өңір басшысы аталған жағдай жеке бақылауында болатынын баса айтты.

Айта кетейік, аудандағы ахуал тұрақты, су деңгейі төмендеді. Адам, мал шығыны жоқ.

Серіктес жаңалықтары