08.07.2024, 18:18
Жаңалықтар
Баянауылда жасөспірім суға батып кете жаздады
Оқиға 7 шілде күні болды
Фото: ҚР ТЖМ
Баянауылда суға батып бара жатқан оқушы құтқарылды. Жасөспірімге медициналық көмек қажет болған жоқ. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, 7 шілдеде Баянауыл ауданының жедел құтқару жасағының күшімен 2007 жылы туған жасөспірім суға батып бара жатқан жерінен құтқарылды.
11-сынып оқушысы жағажайда ата-анасымен бірге болған. Кезекшілікте жүрген құтқарушылар батып бара жатқан адамды көрген. Демалушылар да көмектесуге тырысқан.
Оқиға мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында, «Жасыбай» демалыс аймағында болған.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
