ШҚО полицейлері қызметтік автокөліктерін домбыра түрінде орналастырды

Azattyq Rýhy

Домбыра күні ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады

ШҚО полицейлері қызметтік автокөліктерін домбыра түрінде орналастырды
Фото: Видеодан скрин

Домбыра күні мерекесі қарсаңында ШҚО полиция департаментінің шеру алаңында 20 жуық қызметтік автокөлік ұлттық аспап түрінде орналасты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Суретті толықтырған музыканттар әйгілі композитор Құрманғазының күйін орындады.

«Қасиетті домбыра әрқашан ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Бұл ғасырлар тарихын бейнелейтін бойтұмарымыз. Оның үні жаңа жетістіктерге дем беріп, Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуіне үлес қоса берсін», – деп құттықтады ШҚО ПД бастығы генерал-майор Ерлан Омарбеков.

Ол сөзін жалғай отырып, домбыра халқымыз үшін музыкалық аспап қана емес, қазақ даласының рухы мен тарихын бейнелейтін тұтас әлем екенін, бағзы заманнан бері екі ішектің үні мен күй әуендері салт-дәстүріміздің символы саналатынын айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.