07.07.2024, 11:19
Жаңалықтар
Балалардың терезеден құлауы: құтқарушылар ата-аналарға үндеу жасады
ТЖМ ескерту жариялады
Фото: freepik.com
Құтқарушылар ашық тұрған терезе бойынша ата-аналарға үндеу жасап, қауіптілігін еске салды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Құтқарушылары ашық терезе сіздің балаңыз үшін қауіпті екенін еске салады.
ТЖМ мынандай ескерту жариялады:
- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- кішкентай бала терезенің алдына шыға алмау үшін жиһаздың барлық түрін терезенің жанынан алып тастаңыз;
- москит торына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
- балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыз;
- ашық терезенің жанындағы қауіп туралы балаларыңызға түсіндіріңіз;
- егер бекіткіш құрылғы орнату мүмкіндігі болмаса, терезенің тұтқасын алып тастап, оны тек қажет болған жағдайда орнатыңыз.
«Балаларыңыздың қауіпсіздігі Сіздің қолыңызда!» - делінген хабарламада.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 16:16
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелерге декреттік төлем мүлде төленбейтін болды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды