Бүгін бірқатар өңірде қатты ыстық күтіледі

Azattyq Rýhy

Елордада күн бұлттанып, найзағай ойнауы мүмкін

Бүгін бірқатар өңірде қатты ыстық күтіледі

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 06 шілдеде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысы

Жетісу облысының батысында, оңтүстігінде 07-12 шілде аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысы

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 06 шілдеде найзағай күтіледі.

Ұлытау облысы

Күндіз Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз дауыл. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 06 шілдеде күндіз найзаағай күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысы

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 37 градус қатты ыстық сақталады. Ақтөбе қ.: 06 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 06 шілдеде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Астана

Астана қ.: 06 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысы

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 06 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскемен қ.: 06 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Абай облысы

Күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семей қ.: 06 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Атырау облысы

Күндіз Атырау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Атырау қ.: 06 шілде күндіз 37-39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 06 шілде күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, шаңды дауыл, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 06 шілдеде күндіз найзағай, шаңды дауыл, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысы

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Павлодар қ.: 06 шілде найзағай күтіледі.

Жамбыл облысы

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

Күннің екінші жартысында Түркістан облысының солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.

Алматы облысы

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Алматы қ.: 06 шілдеде кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с. Қонаев қ.: 06 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.