06.07.2024, 02:00
Жаңалықтар
Әртістік жүзуден халықаралық сайыста еліміз екінші орын алды
Алтын медаль Испания, қола жүлде Италия спортшыларына бұйырды
Фото: olimpic.kz
Әртістік жүзуден Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің финалында Қазақстан қоржыны күміс жүлдемен толықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Аралас жұптық сында Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы күміс медаль еншіледі. Олар 139.7150 ұпай жинаған.
Алтын медаль Испания, қола жүлде Италия спортшыларына бұйырды.
Айта кетелік, Ким мен Болатова жұбы биылғы маусымдағы кубоктік кезеңдерде бірнеше рет жүлдеге ілігіп, әлем чемпионатында топ жарған болатын.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы