04.07.2024, 00:30
Жаңалықтар
Милад Карими Франциядағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
Ол жарыста 83.750 ұпай жинады
Фото: Olympic.kz
Францияның Труа қаласында алты мемлекет спортшыларының қатысуымен спорттық гимнастикадан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Олимпиада қарсаңында өткен турнирге Франция, Ұлыбритания, Италия, Германия, Швейцария және Қазақстан командалары қатысты.
«Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық Милад Карими жеңімпаз атанды. Ол көпсайыста 83.750 ұпай жинаған. Карими ең көп ұпайды еркін жаттығудан алды - 15.000. Екінші орынды Ұлыбритания өкілі Джо Фрейзер иеленсе, үздік үштікті италиялық Марио Мачиати түйіндеген. Бұл сында Миладтан бөлек Ілияс Азизов пен Нариман Курбанов та қатысты. Нариман тұтқалы ат снарядында 15.350 ұпай алды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды