Иран Қазақстанға егіс алқаптарын суарудың заманауи технологияларын ұсынбақ

Azattyq Rýhy

Аталған технологиялардың нәтижесінде Иран күріш өсіруге жұмсалатын су шығынын едәуір азайтып, өнімділікті арттырған

Иран Қазақстанға егіс алқаптарын суарудың заманауи технологияларын ұсынбақ
Фото: Фото: primeminister.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Иранның Энергетика министрі Әли Акбар Мехрабианмен және Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті. Тараптар егіс алқаптарын суару және суармалы суды тасымалдау кезінде су шығынын азайту үшін тәжірибе және технологиялар алмасу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомсвтоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ирандық компаниялар Қазақстанға жерасты суларын пайдаланатын заманауи суару жүйелерін, сондай-ақ суды өсімдіктердің тамырына тікелей жеткізетін тамшылатып суарудың автоматты қондырғыларын ұсынуға дайын. Осы технологиялардың нәтижесінде Иран күріш өсіруге жұмсалатын су шығынын едәуір азайтып, өнімділікті арттырған.

«Бүгінде біз су қоймалары мен басқа да су шаруашылығы құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша ауқымды жұмысты бастадық. Иран компанияларының осы бағытта үлкен тәжірибесі бар, тиімді технологияларды дамытуда. Олардың кейбірі елімізде жұмыс істеуде. Атап айтқанда, Жамбыл және Түркістан облыстарында ирригациялық желілерді қайта жаңғырту жұмысы белсенді жүріп жатыр. Сондықтан ирандық кәсіпкерлерді су инфрақұрылымын салу мен жөндеуге арналған конкурстарға қатысу үшін елімізге шақырғым келеді», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.