Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, биыл онда 100 студент оқуы тиіс
Елордада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, аса құрметті Си Цзиньпин, Астана халықаралық университетінің негізінде атақты Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылмақ. Биыл алғашқы 100 студентіміз оқуын бастайды. Филиалды ашуға дайынбыз», - деді Саясат Нұрбек Ақордада.
Сонымен қатар, Бейжің қаласында Қазақстанның, ал елордада Қытайдың мәдени орталығы ашылады.
«Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, аса құрметті Си Цзиньпин, Қазақстанның Бейжің қаласында Қытай Халық Республикасының Астана қаласындағы мәдени орталықты салтанатты түрде ашуға рұқсат етіңіз», - деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.