03.07.2024, 12:41
Жаңалықтар
Алдағы күндері бірнеше облыста бұршақ жауады
Тек батыста аптап ыстық болады
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөлісті. Елдің көп бөлігін нөсер жаңбыр күтіп тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігі циклонның ықпалында болады, найзағай, бұршақ және қатты жел аралас нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде.
«Нөсер жаңбыр 05 шілдеде солтүстік-батыста, 05-06 шілдеде солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста және 04-06 шілдеде елдің шығысында болады деп күтілуде. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы негізінен жауын - шашынсыз болады деп күтілуде», - деп болжайды синоптиктер.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
