Шегірткемен күрес: 2 млн гектар жер өңделді

Azattyq Rýhy

Бұл болжаған өңдеу көлемінің 77,4%-ын құрайды

Шегірткемен күрес: 2 млн гектар жер өңделді
Фото: istockphoto.com

Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары толығымен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен республикалық жедел штабтың кезекті отырысында шегірткеге қарсы күрес бойынша қазіргі жағдай қаралды.

Оқи отырыңыз: «Ақша керек болған ғой»: ер адам 20 мың теңге үшін шегірткені тірідей жеп қойды (ВИДЕО)

Бүгінгі таңда химиялық өңдеу 2 млн га алқапта жүргізілді, бұл болжаған өңдеу көлемінің 77,4%-ын құрайды.

Абай, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында италиялық прусқа қарсы өңдеу аяқталды. Ақмола және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде жұмыс басталады.

Өткен аптада нөсер жауын мен қатты желге байланысты Ақтөбе және Қостанай облыстарында мониторинг пен химиялық өңдеу тоқтатылған болатын. Жұмыс сәрсенбі-бейсенбі күндері басталады. Өңірлер пестицидтермен қамтамасыз етілген, қажет болған жағдайда қосымша техника жіберіледі.

Ақтөбе облысындағы РФ-мен бүкіл шекара маңы аумағы өңделді. Тексеру басқа өңірлердің шекарасында жүргізіледі. 1 шілдеде Серік Жұманғариннің РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Патрушевпен телефон арқылы сөйлесуі кезінде Ресей тарапынан Қазақстанмен шекаралас аумақтарды өңдеу аяқталғаны белгілі болды.

Сонымен қатар Серік Жұманғарин өңірлердің әкімдіктеріне жағдай толық тұрақталғанға дейін жұмыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.