$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде сұйытылған газ бағасы 1 шілдеден бастап өзгерді

Энергетика министрлігінің тиісті бұйрығы күшіне енді

Елімізде сұйытылған газ бағасы 1 шілдеден бастап өзгерді
Фото: istockphoto.com

Қазақстан өңірлерінде 1 шілдеден бастап ішкі нарықта сұйытылған газдың жаңа шекті бағасы белгіленді. ҚР Энергетика министрлігінің тиісті бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәселен, осы жылдың 1 шілдесінен бастап сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме баға 45 158 теңгені құрады (бұрын 40 320 теңге болған).

Бұл ретте ел өңірлерінде сұйытылған мұнай газын өткізудің жаңа шекті бөлшек сауда бағасы белгіленді:

Астана - литріне 84 теңге;

Алматы - 89 теңге;

Шымкент - 70 теңге;

Абай облысы - 84 теңге (шалғай аудандар үшін (200 километрден астам) облыс орталығынан, 1 литрге - 89 теңге);

Ақтөбе облысы - 59 теңге (64 теңге);

Атырау облысы - 59 теңге (64 теңге);

Ақмола облысы - 84 теңге (89 теңге);

Алматы облысы - 89 теңге (94 теңге);

Шығыс Қазақстан облысы - 84 теңге (89 теңге);

Жамбыл облысы - 78 теңге (83 теңге);

Жетісу облысы - 84 теңге (89 теңге);

Батыс Қазақстан облысы - 70 теңге (75 теңге);

Қостанай облысы - 84 теңге (89 теңге);

Қызылорда облысы - 70 теңге (75 теңге);

Қарағанды облысы - 84 теңге (89 теңге);

Маңғыстау облысы - 59 теңге (64 теңге);

Павлодар облысы - 81 теңге (86 теңге);

Солтүстік Қазақстан облысы - 89 теңге (94 теңге);

Түркістан облысы - 70 теңге (75 теңге);

Ұлытау облысы - 84 теңге (89 теңге).

Серіктес жаңалықтары