$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада ШЫҰ саммитіне байланысты бірқатар көшеде автотұрақтарды пайдалануға тыйым салынады

Бұл ретте көліктерді аулалардың ішінде немесе жоғарыда белгіленген көшелерге іргелес қоюға тыйым салынбайды

Елордада ШЫҰ саммитіне байланысты бірқатар көшеде автотұрақтарды пайдалануға тыйым салынады

Елордада 2-4 шілде аралығында ШЫҰ саммитін өткізу кезеңінде террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі енгізілуде. Мұндай деңгейдің енгізілуі, соның ішінде жекелеген аумақтарда көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына шектеулер енгізуді білдіреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сары» деңгейдегі іс-қимыл кезеңінде тұрғындарға Мәңгілік ел даңғылы, Достық, Түркістан, Қонаев және Қабанбай батыр даңғылдарының бойында орналасқан тұрғын үй кешендерінің жанындағы автотұрақтарды пайдалануға тыйым салынады», - делінген хабарламада.

Бұл ретте көліктерді аулалардың ішінде немесе жоғарыда белгіленген көшелерге параллельді/іргелес қоюға тыйым салынбайды.

Сондай-ақ бұл күндері қоғамдық көліктер осы көшелер бойымен жүрмейді. Тұрғындарға «CTS» әлеуметтік желілерінде жариялап, балама маршруттар ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары