02.07.2024, 08:44
Жаңалықтар
Астанада ШЫҰ кезінде кей көшелерде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі
Қала әкімдігі тұрғындардан қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне түсіністікпен қарауды сұрайды
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Қалалық полиция департаменті ШЫҰ саммитін өткізуге байланысты келесі жол учаскелерінде автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Уақытша шектеу келесі бағыттарға енгізіледі:
- 3 шілде күні сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін Бөкейхан көшесі бойынша Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіндегі көпірге дейін (М-3);
- 4 шілде күні сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін Нәжімеденов көшесі бойынша Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін, одан әрі Аманжолов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін және Байтұрсынов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін.
Қалған уақытта қозғалысты шектеу ШЫҰ саммитіне қатысушылардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылатын болады.
Көп оқылған
27.06.2026, 09:19
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды
27.06.2026, 11:20
Қорғас тас жолындағы қайғылы апаттан бір отбасы қаза тапты
27.06.2026, 13:14
Жетісу облысындағы жол апатынан бес адам қаза тапты
27.06.2026, 08:32
Телефон мен биометрияны пайдаланатын жаңа алаяқтық: Ұлттық банк халыққа үндеу жасады
27.06.2026, 07:24
27 маусымға арналған ауа райы болжамы