Швейцарияның оңтүстігінде нөсер жаңбыр су тасқынына ұласты

Azattyq Rýhy

Табиғи апаттан көз жұмғандар бар

Швейцарияның оңтүстігінде нөсер жаңбыр су тасқынына ұласты
Фото: Michael Buholzer/Keystone via AP

Нөсер жаңбыр мен сел салдарынан Швейцария мен Солтүстік Италияда төрт адам қаза тапты. Италияның Тичино кантонында көшкіннен кейін үш адамның денесі табылды. Валей кантонында тағы бір адам қайтыс болып, бір адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Жолдар жабылып, кемпингтер эвакуацияланды, Вислетто автомобиль көпірінің бір бөлігі құлады, деп хабарлады полиция. Жексенбі күні таңертең құтқару жұмыстары жалғасып жатқан аймақта тұрғындарды эвакуациялау туралы жарияланды. Аймақтың басқа үш алқабында автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Солтүстікке қарай Рона өзені арнасынан шығып, тас жолдар мен теміржолды су басты.

Табиғи апат Солтүстік Италияның әртүрлі аймақтарына да әсер етті. Өрт сөндірушілер Пьемонтта ондаған адамды эвакуациялап, шамамен 80 шақыртуға шығуға мәжбүр болғанын хабарлады.

Жергілікті биліктің айтуынша, Монтанаро мен Сан-Бениньо-Канавезе арасында Орко өзенінің көтерілуіне байланысты көлікте қалып қойған екі ересек адам мен 3 айлық қыз бала құтқарылған. Валле-д'Аоста аймағында өзендер арнасынан асып, күшті жел мен көшкін салдарынан бірнеше ауданмен байланыс үзілген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.