Иранда 5 шілдеде 14-ші президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді
28 маусымда өткен 14-ші президенттік сайлауда ешбір кандидат 50 пайыз дауыс жинай алмады

Иранның мемлекеттік телеарнасының мәліметінше, реформатор кандидат Масуд Пезешкиан мен консерватор кандидат Саид Джалилидің 5 шілдеге жоспарланған президенттік сайлаудың екінші кезеңіне арналған сайлауалды науқаны 3 шілдеде аяқталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Анадолыға сілтеме жасап.
Пезешкиан мен Джалили дүйсенбі және сейсенбі күндері мемлекеттік телеарнада бір-бірімен пікірсайыс өткізеді.
Иранда 28 маусымда өткен 14-ші президенттік сайлауда ешбір кандидат 50 пайыз дауыс жинай алмады. Екінші турға бірінші кезеңде алғашқы 2 орынға іліккен реформатор кандидат Масуд Пезешкиан мен консерватор кандидат Саид Джалили өтті.
Пезешкиан сайлауда 42,5 пайыз дауыс жинаса, ел бойынша қатысу 40 пайызды құраған, ал Джалили 38,6 пайыз дауыс жинады.