$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін республиканың басым бөлігінде күн бұлтты болады

Кей аймақта бұршақ күтіледі

Бүгін республиканың басым бөлігінде күн бұлтты болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн бұлттанып, найзағай ойнауы ықтимал. Қазгидромет бірқатар аймақта ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысы

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Көкшетау қ.: 01 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 01 шілдеде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

01-06 шілде аралығында Қызылорда облысында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 01-06 шілде аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 01 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 01-06 шілде аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Түнде Абай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қ.: 01 шілдеде найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

Таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. қ. Шымкент: 01 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. қ. Түркістан: 01 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысы

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Алматы қ.: 01 шілдеде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 01 шілдеде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысы

Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Талдықорған к.: 01 маусымда найзағай күтіледі.

Астана

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Астана қ.: 01 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғарғы өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысы

Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 01 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 01 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысы

Күндіз Павлодар облысында найзағай, облыстың батысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 01 шілде күндіз найзағай күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 01 шілдеде найзағай күтіледі.

Серіктес жаңалықтары