ҚР ТЖМ Ош қаласында қаза тапқан қазақстандықтардың денелерін елге жеткізеді

Azattyq Rýhy

Сондай-ақ әуе кемесімен өзге де қазақстандық азаматтар елге орала алады

ҚР ТЖМ Ош қаласында қаза тапқан қазақстандықтардың денелерін елге жеткізеді
Видеодан алынған кадр

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары ҚР ҚМ әуе кемесімен Қырғыз Республикасының Ош қаласына біздің азаматтарымызды эвакуациялау және қаза тапқандардың денелерін елімізге тасымалдау үшін ұшып келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұшақ бортында ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен психологтары бар. Сонымен қатар бортпен Қырғызстанның сел тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына жалпы салмағы 2,7 тонна азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді», - делінген хабарламада.

Кеше Жамбыл облысы ТЖД бастығы Арман Тоқанов іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін Ош облысы Ноокат ауданының ТЖ аймағына жіберілді.

Бұған дейін ҚР ТЖМ ахуалдық орталығында жедел штаб құрылды, ондағы мамандар Қырғызстан ТЖМ және біздің елшілікпен тұрақты байланыста.

«Өскеменде ШҚО ТЖД бастығы Рашид Биляловтың үйлестіруімен екі тәулік бойы жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Штаб базасында жергілікті атқарушы органдармен бірге қайтыс болған балалардың туыстарына психологиялық көмек көрсетілуде», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.