Калашников, граната, бомба: ҰҚК қару-жарақ жасырылған орындарды анықтады

Azattyq Rýhy

Қару-жарақтың 2 жасырын орны анықталды

Калашников, граната, бомба: ҰҚК қару-жарақ жасырылған орындарды анықтады
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҰҚК дерегінше, осы жылдың 28 маусымында Ақтөбе облысы бойынша департаменті жергілікті тұрғындардың бірінің үйін тінту кезінде 21 бірлік атыс қаруын, оның ішінде 2 Калашников автоматы, 8 тапанша, 11 мылтық, сондай-ақ жарық-шу гранатасын, түтін бомбаларын, рацияларды және түрлі калибрлі 581 оқ-дәріні тәркіледі.

Осы күні ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті қару-жарақтың 2 жасырын орнын анықтады.

Гранатомет, Калашников автоматы, винтовка, 4 мылтық, 2 тапанша, түтін гранатасы және әртүрлі калибрлі 248 оқ-дәрі тәркіленді.

«Іс-шаралар прокуратураның үйлестіруі және ішкі істер органдарымен өзара әрекеттестікте іске асырылды.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.