Тәуелсіздік алғалы елімізге қанша қандас оралды

Azattyq Rýhy

Қандастың көбі Қытайдан келген

Тәуелсіздік алғалы елімізге қанша қандас оралды
Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1991 жылдан бері қанша қандастың елімізге оралғанын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 7 353 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға 1 миллион 135,7 мың этникалық қазақ оралды», - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (49,4 пайызы) ҚХР-дан, 6,3 пайызы Түркіменстаннан, 5,4 пайызы Моңғолиядан, 34,4 пайызы Өзбекстаннан, 3,2 пайызы Ресейден және 1,3 пайызы басқа елдерден келген.

1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке жарамды жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,1 пайызды, кәмелетке толмаған азаматтар 31,2 пайызды және зейнеткерлер 9,7 пайызды құрайды.

Білім деңгейі бойынша еңбекке жарамды жастағы қандастардың 16,9 пайызы жоғары білімі, 22,6 пайызы арнайы орта білімі, 55,3 пайызы жалпы орта білімі және 5,2 пайызы білімі жоқ.

Қандастарды қоныстандыру үшін мынадай еңбек тапшылығы бар өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.