$ 520.93  609.07  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астананың оң жағалауында маңызды көше қиылысы толығымен жабылады

Қаладағы автожолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Астананың оң жағалауында маңызды көше қиылысы толығымен жабылады
Фото: depositphotos.com

Астанада автожолдарды ауқымды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты елордада жолдар жабылады. Бұл жолы Сарыарқа/А. Жангелдин қиылысы толығымен жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

23 маусымда қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасынан хабарлағандай, жолшылар Сарыарқа/А. Жангелдин көшелерінің қиылысында төсемнің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізетін болады.

«Осыған байланысты 2024 жылдың 24 маусымы сағат 07:00-ден 25 маусымы сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған қиылыс толығымен жабылатын болады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары