23.06.2024, 16:27
Жаңалықтар
Ертіс өзеніне 12 жастағы қыз бала суға батып кете жаздады
Оқиға жағадан 15 метр қашықтықта болды
Фото: ҚР ТЖМ
Абай облысында суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарушылар дер кезінде құтқарып қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, бүгін Семей қаласында Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушылары Руслан Масанов пен Рустам Бейісханов Ертіс өзенінде патрульдеу жүргізу барысында жағадан 15 метр қашықтықта батып бара жатқан 2012 жылы туған қыз баланы құтқарып, судан шығарды.
«Қазіргі уақытта құтқарылған адамның жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.
ТЖМ азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады