23.06.2024, 16:47
Жаңалықтар
Ақмола облысында тауға шыққан ер адам аяғынан жарақат алып, төмен түсе алмай қалды
Оқиға түнгі уақытта болған
Фото: Видеодан скрин
Ақмола облысында 900 метр биіктіктегі таулардан құтқарушылар аяғынан жарақат алған адамды түсірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға түнгі уақытта болған. Ақмола облысында таудан түсу кезінде 1986 ж.т. ер адамның аяғы тайып кетіп, жарақат алған. Оның жанында досы болған.
«Тез арада жеткен құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетті және оны 900 метр биіктен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
25.02.2026, 13:15
«Қазақ жігіттері ауыр қабылдайды»: уролог ерлердің ұрығынан сапа кетіп, саны азайғанын айтты
25.02.2026, 10:27
Мектептен кейін балалардың өмірі үшін мұғалім жауапты болмайды: Қазақстанда жаңа заң қабылданады
25.02.2026, 14:55
Қызылша жұқтырған әрбір адам орта есеппен 12-18 адамға ауру таратады – Астана дәрігерлері дабыл қақты
25.02.2026, 16:38
БҚО-да 16 жастағы қызды үйіне апарып, қатынасқа түскен әкімдік қызметкері қайта тергелетін болды
25.02.2026, 20:32
Аудан-ауылдарда үгіт-насихат шаралары жалғасуда