23.06.2024, 15:57
Жаңалықтар
«Жартастан құлап кетті»: министрлік қаза тапқан әйел адамға қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға 22 маусым күні болды
Фото: Видеодан скрин
ҚР ТЖМ Ақтоғай ауданындағы Бектау-Ата шатқалындағы жартастан қаза тапқан әйел туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, 1970 жылы туған екі әйел 22 маусымда Бектау-Ата шатқалындағы жартасты шыңды бағындыруға аттанған.
«Көтерілу сәтті өтті, бірақ түсу қайғылы жағдайға айналды. Әйелдердің бірі жартастан құлап, қайтыс болды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін өз бетінше таудан түсе алмаған әйел адамға қатысты ақпарат жарияланған.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
