23.06.2024, 12:40
Жаңалықтар
Құтқарушылар судағы қауіпсіздік бойынша ата-аналарға үндеу жасады
Шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды
Фото: istockphoto.com
Құтқарушылар шомылу кезеңіндегі судағы қауіпсіздік бойынша ата-аналарға үндеу жасады. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Балаңызға судағы қауіпсіздік ережелері туралы айтыңыз.
- шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
- тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
- қалқымалардан аса жүзуге болмайды;
- мас күйінде суға түспеңіз;
- су көліктеріне жақын жүзбеңіз.
«ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды! Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар!» - делінген хабарламада.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 10:30
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
04.10.2026, 13:09
Талдықорғанда әйелін қарумен қорқытқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)