«ЛГБТ-ны насихаттауға қарсымыз» петициясын қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Azattyq Rýhy

Отырыста петиция бастамашылары мен жұмыс тобы мүшелерінің ұстанымдары тыңдалды

«ЛГБТ-ны насихаттауға қарсымыз» петициясын қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз!» петициясын қарау жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдар өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Ермұрат Бапи, Ринат Заитов, Абзал Құспан, Еділ Жаңбыршин, Қазыбек Иса, арыз иесі Бағила Балтабаева, қоғам қайраткерлері Айнұр Жүгінісова, Мақсұтбек Айтмағанбет, Жанар Секербаева, Гүлзада Сержан, сарапшылар Халида Әжіғұлова, Виктория Примак, БАҚ өкілдері және е-өтініш порталы арқылы жұмыс тобына енуге өтініш білдірген азаматтар кірді.

«Отырыста петиция бастамашылары мен жұмыс тобы мүшелерінің ұстанымдары тыңдалды, сондай-ақ жұмыс жоспары мен жария тыңдаулардың өту тәртібі анықталды», - делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.