21.06.2024, 11:45
Жаңалықтар
Алматы мен Астанадан Алакөлге әуе рейстері іске қосылды
Алакөл көлі – жазғы маусымда қазақстандық туристердің ең танымал бағыт
Фото: istockphoto.com
QAZAQ AIR әуе компаниясы 20 маусымнан бастап мына туристік бағыттар бойынша маусымдық рейстерді орындай бастады: Астана – Үшарал – Астана және Алматы – Үшарал – Алматы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол үшін жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесі пайдаланылады.
Рейстер аптасына төрт рет (сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) кесте бойынша орындалады:
- IQ 391 Астана (12:55) – Үшарал (14:40)
- IQ 392 Үшарал (10:20) – Астана (12: 00)
- IQ 403 Алматы (08:35) – Үшарал (09:50)
- IQ 404 Үшарал (15:10) – Алматы (16:30)
«Алакөл көлі – жазғы маусымда қазақстандық туристердің ең танымал бағыттының бірі. Біздің әуе компанияның ұшу бағдарламасы ішкі рейстерді дамытуға бағытталған және Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ашуға, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал етеді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды