25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Сенбі күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады
Қазгидромет 25 cәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде найзағаймен бірге жаңбыр, солтүстікте, солтүстік-батыста және батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, дауыл, тұман, жел күшейеді», - деп жазылған хабарламада.
Ақмола облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-18 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түркістан, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді.