$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада ұзақ жыл игерілмеген 8 мың гектар жер телімі анықталды

Әзірге оның 851 гектары мемлекет меншігіне қайтарылды

Қызылордада ұзақ жыл игерілмеген 8 мың гектар жер телімі анықталды
Фото: freepik.com

Қызылордада ұзақ жылдар бойы игерілмеген, құны 55 млн теңгені құрайтын 851 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жер пайдаланушыларға берілген нұсқама талаптарын орындамаған 16 тұлғаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік шара қолданылды», - деп хабарлады прокуратура.

Бұдан бөлек ұзақ жылдар бойы пайдаланылмаған кадастрлық құны 163,4 млн теңгенің 7069 гектарды құрайтын 158 жер учаскесі (оның ішінде кәсіпкерлік – 13,4 млн теңгеге 6712 гектар, жайылымдық - 150 млн теңгеге 357 гектар) анықталды.

«Бүгінгі күні аталған жер учаскелеріне қатысты уәкілетті органмен нұсқамалар беріліп, мәжбүрлеп мемлекетке қайтару үшін тиісті шаралар қабылдануда», - деді прокуратураның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары