Демалыс күндері елімізде ауа температурасы 42 градусқа дейін ысиды
15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2024 жылдың 8, 9 және 10 маусымына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мамандардың айтуынша, республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады: нөсер жаңбырдан бастап аптап ыстыққа дейін тіркеледі.
15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Маңғыстау және Қызылорда аймағында 42 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал
«Мәскеу облысынан соққан циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Көптеген облыста қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін, найзағай ойнап, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі