$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райы болжамы: екі облыста ауа температурасы 40 градусқа дейін жетуі мүмкін

Кей өңірде найзағай ойнап, күн бұлтты болады

Ауа райы болжамы: екі облыста ауа температурасы 40 градусқа дейін жетуі мүмкін
Фото: istockphoto.com

Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Маңғыстау және Қызылорда аймағында 40 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 07 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысы

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Жезқазған қ.: 07 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

Күндіз Қарағанды облысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз кей уақытта найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 07 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 07 маусымда түнде найзағай күтіледі.

Атырау облысы

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 07 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысы

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 07 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 07 маусымда таңертең және күндіз найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 07 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 07 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 07 маусымда төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 07 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с. 08 маусымда күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 07 маусымда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. 08 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Астана

Астана қаласында 07 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15- 20 м/с. Шымкент қ.: 07-10 маусым аралығында жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі. Түркістан қ.: 07-10 маусым аралығында жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.

Павлодар облысы

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 07 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

Серіктес жаңалықтары