Кезінде «Қазақстан Инжиниринг» негізсіз сатып жіберген зауыт ел меншігіне қайтарылды

Azattyq Rýhy

Сауда-саттық 2017 жылы өткен болатын

Кезінде «Қазақстан Инжиниринг» негізсіз сатып жіберген зауыт ел меншігіне қайтарылды
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласының прокуратурасы «832 автожөндеу зауыты ҚИ»  АҚ акцияларының 100 пайызын қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Осы жұмыс аясында Алматы прокуратурасы 2017 жылы «832 автожөндеу зауыты ҚИ»  АҚ-ның жалғыз акционері активтердің құнын 310 миллион теңгеге төмендетіп, оны заңды тұлғаға сатқанын анықтады», - деп хабарлады прокуратура.

2024 жылдың 27 мамыры күні Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұл мәмілені жарамсыз деп таныды.  

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 2017 жылдың 25 қаңтарында «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компанмясы «832 автожөндеу зауыты ҚИ» АҚ-ны электронды голландтық аукционда 70 829 504,27 теңгеге сатқанын хабарлаған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.