$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райы болжамы: батыс аймақта 40 градус ыстық күтіледі

Солтүстікте күн бұлтты болады

Ауа райы болжамы: батыс аймақта 40 градус ыстық күтіледі
Фото: istockphoto.com

Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

 Солтүстік аймақтарда күн бұлттанып, найзағай ойнауы ықтимал. Ал Маңғыстау облысында 40 градус ыстық күтіледі.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Жезқазған қ.: 06 маусымда найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 06 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 06 маусымда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

Күңдіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 06 маусымда күңдіз найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 06 маусымда күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Күндіз Абай облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ақтөбе облысы

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Ақтөбе қ.: 06 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

 

Түркістан облысы

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Шымкент қ.: 06 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады. Түркістан қ.: 06 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысы

Күндіз Атырау облысының шығысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 06 маусымда күндіз 37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Астана

Астана қаласында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 06 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

Қызылорда облысы

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 06 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысы

Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 06 маусымда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысы

Күндіз 06-08 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 06 маусымда облыстың таулы аудандарында, 07-08 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысы

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 18 м/с.

Серіктес жаңалықтары