Иракта АҚШ-пен байланысты компанияларға қарулы шабуыл жасалды

Azattyq Rýhy

KFC компаниясының кем дегенде үш филиалына қарулы топ шабуыл жасады

Иракта АҚШ-пен байланысты компанияларға қарулы шабуыл жасалды
Фото: istockphoto/ugurhan

Иракта АҚШ-пен байланысы бар компанияларға қарулы шабуыл жасалды. Мұндай қадамға АҚШ-тың Израильге қолдау көрсетуі себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдадтағы Kentucky Fried Chicken (KFC) компаниясының кем дегенде үш филиалына қарулы топ шабуыл жасады. Оны сол маңайда болған куәгерлер мен қауіпсіздік көздері растады.

Қарулы топ жарылғыш құрылғылармен шабуыл жасады. Салдарынан мекемелер үлкен материалдық шығынға ұшырады. Компания басшылығы әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұдан бөлек, белгісіз біреулер құрылыс техникасын шығаратын америкалық Caterpillar компаниясының алдына дыбыс шығаратын граната лақтырған.

Сонымен қатар, Ирактағы Британ тілдері институтының алдында да тағы бір дыбыс шығаратын граната жарылған. Жарақат алғандар тіркелген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.