$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ер адам үйленгеннен кейін ғана қалыңдығының жігіт екенін білген

Енді ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ер адам үйленгеннен кейін ғана қалыңдығының жігіт екенін білген
Фото: Bild

Индонезия тұрғыны үйлену тойы өткен соң 12 күннен кейін қалыңдығының ер адам екенін білген. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, 29 жастағы ер адам сүйіктісімен Instagram арқылы танысқан. Оның айтуынша, сүйіктісі кездесулерде дәстүрлі мұсылман киімін киіп, орамал тағып жүрген.

Олар бір жылға жуық кездесіп, үйленуге шешім қабылдағанда, «қалыңдық» өзінің жетім екенін айтқан. Дегенмен ол жасауына бес грамм алтын таба алған.

Үйлену тойы өткеннен кейін көп ұзамай күйеу жігіт бірнәрсенің дұрыс емес екенін сезеді. Өйткені «қалыңдығы» денсаулығының нашарлығы мен етеккірін сылтауратып, жақындаудан қашады.

Арада 12 күннен кейін ер адам «қалыңдығының» ата-анасы бар екенін анықтайды. Ал оның «сүйіктісі» шын мәнінде әйелдер киіміне жасырынған ер адам екені белгілі болады.

«Қалыңдық» осы әрекеті арқылы ер адамның мүлкін иемденгісі келген алаяқ болып шықты. Енді ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары