Мемлекет басшысы «Jas Galym. Science Quest» фестиваліне қатысқан балалармен кездесті

Azattyq Rýhy

Іс-шарада оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды

Мемлекет басшысы «Jas Galym. Science Quest» фестиваліне қатысқан балалармен кездесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Jas Galym. Science Quest» фестиваліне қатысушы балалармен жүздесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда ұйымдастырылған «Jas Galym. Science Quest» фестиваліне барып, балалармен кездесті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін фестиваль биыл ғылым тақырыбына арналған. Қасым-Жомарт Тоқаев қала оқушыларымен бірге «Science», «Engeneering», «Art», «Technology» және «Mathematics» станцияларын аралап көрді. Квест форматында ұйымдастырылған шарада оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды.

Мемлекет басшысы балаларды мерекемен құттықтап, келешек ұрпаққа зор үміт артатынын айтты. Сондай-ақ жеткіншектердің ғылыми ізденісі мен шығармашылығын шыңдауға үлес қосқаны үшін фестиваль ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.