ҰҚК Алматыда ірі жерасты есірткі зертханасын тапты

Azattyq Rýhy

Табылған есірткінің құны «қара» нарықта шамамен 140 млн теңгені құрауы мүмкін

Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіру бойынша жерасты зертханасы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жылдың 16 мамырында Алматының жеке үйлерінің бірінде психотроптық заттарды дайындау процесінде Қазақстанның екі азаматы ұсталды.

Тінту барысында 7 кг «мефедрон» психотроптық заты және 200 литрпрекурсорлар, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындауға арналған жабдықтар алынды.

Табылған есірткінің құны «қара» нарықта шамамен 140 млн теңгені құрауы мүмкін.

«Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған адамдар шетелдік интернет-дүкендердің бірінің мүддесі үшін «варщиктер» деп аталатындар ретінде жұмыс істеген.

Соттың санкциясымен оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасытаңдалды.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.