«Қазақстан барысы»: Астанада іріктеу турнирі өтіп жатыр
Жеңімпаз шілде айында өтетін «Қазақстан барысына» жолдама алады
Астанада қазақ күресінен дәстүрге айналған «Қазақстан барысы» республикалық додасының аймақтық іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Турнир елімізде 2011 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Бәсекеде 80-ге жуық қатысушы 8 салмақ және түйе палуан бойынша жеңімпазды анықталады.
Салмақ бойынша бірінші орын алған балуандарға "Астана барысы" атағы беріледі.
«Биылғы додада түйе балуан сайысы бойынша қаламыздың 15 балуаны күресіп жатыр. Олардың арасында былтырғы жеңімпаз Жасұлан Халхабаев бар. Фаворит ретінде 2018 жылғы "Қазақстан Барысы" турнирінің чемпионы Олжас Шынкеев пен былтырғы қола жүлдегер Нұрдәулет Айсағалиевті айтар едім. Бірақ барлығын боз кілем көрсетеді»,- деп жарыс ұйымдастырушысы Аян Ерназаров ойымен бөлісті.
Турнир жеңімпазы шілде айында «Қазақстан барысына» жолдама алады.
Айта кетейік, жалпы Астана қаласынан 2015 жылы Ғани Сейділдаев «Қазақстан барысының» қола жүлдегері атанған еді.