Алдағы бірнеше тәулікте күн райы 30 градусқа дейін ысиды
Синоптиктер елдің көптеген аймағында ауа температурасының жоғарылауын күтеді

«Қазгидромет» РМҚ 2024 жылдың 30 мамыры мен 1 маусымы аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синоптиктердің айтуынша, алдағы үш күнде солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта, ал 1 маусымда республиканың батысында ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Бұл найзағай, бұршақ және екпінді желмен жаңбыр жауатын атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты. Елдің оңтүстігінде, жоғары қысымның әсерінен жаңбыр тоқтайды.
«31 мамырда солтүстік-батыста, 31 мамыр-1 маусымда солтүстікте, 1 маусымда Қазақстанның шығысында, күндіз республиканың басым бөлігінде елдің батысында, оңтүстігінде ауа температурасы біртіндеп 27-35 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте, елдің орталығында 15-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 22-27 градусқа дейін, шығыс облыстарда ауа температурасының 10-20 градусқа дейін төмендеуі болжанады», – делінген хабарламада.