Екібастұздың бас көшесіндегі құбырдан ыстық су атқылады
Коммуналдық қызметкерлер жылу желілеріндегі апатқа қатысты түсініктеме берді
Екібастұздың бас көшесіндегі құбырдан ыстық су атқылап, дәріхана мен көшені басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Оқиға орнында түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады.
Коммуналдық қызметкерлер жылу желілеріндегі апатқа қатысты түсініктеме берді.
«27 мамырда Екібастұзда жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізілді. Гидравликалық сынақтар жүргізілгеннен кейін №62 орталық жылу пунктіне апаратын жылу желісінде ыстық сумен жабдықтауды іске қосу барысында зақым анықталды. Қазіргі уақытта мұны жою жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады «Екібастұз жылу желілері» ЖШС директоры Евгений Банченко.
Мұны «Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметі де растады. Кәсіпорын сынақ кезінде ыстық судың температурасы 40-45 градустан аспайтыны нақтылады.