$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2019, 13:15
Жаңалықтар

Шымкентте медбикені зорлады деп айыпталған дәрігер ақталып шықты

Бұл туралы Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотының судья-үйлестірушісі Сәбит Төреханов айтты

Шымкентте медбикені зорлады деп айыпталған дәрігер ақталып шықты
Фото: tengrinews.kz

Шымкентте жұмыс орнында медбикені зорлады деген дәрігер ақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотының судья-үйлестірушісі Сәбит Төреханов айтты. 

«Сот үкімімен сотталушы «зорлау» және «нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері» баптары бойынша кінәсіз деп танылды. Күдікті кінәсінің дәлелденбеуіне байланысты осы баптар бойынша ақталып шықты», - деді Сәбит Төреханов.

Бұған дейін «НеМолчи» қоғамдық қорының ерікті-заңгері Данияр Жиенбаев Шымкент облыстық клиникалық ауруханасында медбикенің зорланғаны туралы айтқан еді. Оның сөзінше, оқиға 16 сәуірде болған. Айыпталған азамат та сол аурухананың нефролог дәрігері болатын.

Сондай-ақ, Жиенбаев күдіктінің отбасылы азамат екенін және екі бала тәрбиелеп отырғандығын да айтқан. Және айыпталушының жәбірленушімен татуласуға тырысып жатқандығы хабарланған.   

Серіктес жаңалықтары