$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жол ережесін бұзудың 25 түрін тіркейтін камералар орнатылды

Бір аптада 20 мың рет ереже бұзылған

Алматыда жол ережесін бұзудың 25 түрін тіркейтін камералар орнатылды
Фото: istockphoto.com

Алматы облысында жүргізушіні күндіз де, түнде де анық көретін камералар пайда болды. Су жаңа «Сұңқар» құрылғысы әзірге көлік апаты жиі болатын Алматы— Көкпек — Көктал автожолында қойылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Камера жол қозғалысына қатысты заңбұзушылықтың 25 түрін тіркейді. Жылдамдықты асыру мен сызықты кесіп өтуден бөлек, жүргізуші мен жолаушының қауіпсіздік белдігін тақпағаны, ұялы телефон қолданғаны, жарық шамын дұрыс пайдаланбағанына дейін анықтайды. Инфрақызыл прожекторының арқасында тас қараңғыда да суретке сапалы түсіре береді.

«Сұңқар» камераларын енгізу жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және өңір жолдарындағы бұзушылықтардың санын азайтуға бағытталған. Қазір мұндай кешен ең апатты учаскеде Алмты – Көкпек - Көктал автожолының 30 шақырымында орнатылған. Жақын арада осы тәріздес құрылғылар өңірдің автожолдарын басқа да қауіпті учаскелеріне қолданысқа енгізіледі», - деді Алматы облысы ПД ӘПБ бөлім бастығы Берік Дәкеев.

 

Серіктес жаңалықтары