Бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Azattyq Rýhy

Кей өңірде бұршақ жауады

Бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі
Фото: istockphoto.com

Бүгін республиканың басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Қазгидрометт 15 облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атырау облысы

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады

Түркістан облысы

Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 23 мамырда таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі.

Ұлытау облысы

Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі.

Қарағанды облысы

23 мамырда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 23 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Қызылорда облысы

23 мамырда Қызылорда облысының шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысы

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 23 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 23 мамырда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Абай облысы

Түнде Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 23 мамырда күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 23 мамырда күндіз найзайғай күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ақмола облысы

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 23 мамырда найзағай күтіледі.

Жамбыл облысы

Түнде Жамбыл облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 23 мамырда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ.: 23 мамырда түнде найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 23 мамырда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Павлодар облысы

Күндіз Павлодар облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с. г. Павлодар: 23 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.