19.05.2024, 22:44
Жаңалықтар
Елдос Сметов әлем чемпионатында бесінші орын алды
Жас жапондық балуан белдесудің негізгі уақытында Елдосты таза жеңді
Фото: Olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Елдос Сметов Әбу-Дабидегі әлем біріншілігін алғашқы бестікте аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
60 келі салмақта сынға түскен Сметов қола медаль үшін өткен белдесуде жапондық Таики Накамураға есе жіберді.
Жас жапондық балуан белдесудің негізгі уақытында Елдосты таза жеңді.
Осылайша, Елдос Сметов кезекті әлем біріншілігін жүлдесіз аяқтап отыр. Ол былтыр Дубайда өткен әлем чемпионатында да жүлде алмаған еді.
Ал Қазақстан еншісінде әзірге бір қола бар. Әйелдер арасында Абиба Әбужақынова үздіктер қатарына енді.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады