19.05.2024, 22:08
Жаңалықтар
Абиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанды
Абиба Әбужақынова олимпиадалық рейтингте 4-орында келеді
Дзюдодан Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абиба Әбужақынова қола медаль жеңіп алды. Ол кіші финалда түркиялық Тукче Бедерден «иппон» әдісімен басым түсті.
Осылайша, Абиба әлем чемпионаттарындағы екінші қола медалін иеленіп отыр. Бұған дейін ол Ташкенттегі (2022) әлем біріншілігінде алғаш рет үздік үштікке енген болатын.
Айта кетелік, Абиба Әбужақынова олимпиадалық рейтингте 4-орында келеді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды