Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендерге арнап шағын аудан салынады
Оның аумағында екі мың орындық Binom мектебін салу жоспарланып отыр

Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Атырау облысының жедел штаб мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінгі таңда әрқайсысының ауданы 80 шаршы метрлік 74 типтік үлгідегі үйдің учаскесі белгіленді.
Негізгі құрылысты келесі аптада бастау жоспарланып отыр.
Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті.
«Тұрғын үйлер облыстық бюджеттің және демеушілердің қаражатына салынады. Құрылысты жергілікті мердігер мекемелер жүргізеді деп жоспарланып отыр», - дейді Н.Құсайынов.
Ықшамаудан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен – жарық және сумен қамтылған, газбен қамту жұмыстары жүргізілуде.
Ықшамаудан аумағында екі мың орындық Binom мектебін салу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар 300 орындық балабақша құрылысы басталады. Тұрғындарға арналған шағын аллеялар салу жоспарланып отыр.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды.