Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірқатар өңірде найзағай ойнап, тұман түседі

Синоптиктер 17 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының шығысында тұман, облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, Ұржар ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. 17 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1 градус үсік күтіледі.
Атырау облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1 градус үсік күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.