Алматыда өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, таулы аумақтарда су тасқыны болуы мүмкін

Azattyq Rýhy

Осыған байланысты ТЖД тұрғындарды жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуға шақырды

Алматыда өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, таулы аумақтарда су тасқыны болуы мүмкін
Фото: istockphoto.com

Алматыда қатты жауын-шашынға байланысты өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіпті белгілерден асқан жағдайда тау бөктері мен соған жақын аудандарда су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  «Қазгидромет» РМК-не сілтеме жасап.

 «Қазгидромет» РМК жариялаған ескертуге сәйкес, Алматы қаласында 16-18 мамыр аралығында қатты жауын-шашынға байланысты өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіпті белгілерден асқан жағдайда тау бөктері мен соған жақын аудандарда су тасқыны болуы мүмкін.

Синоптиктердің болжауынша,16 мамыр күні кешке және 17 мамыр күні түнде қатты жауын жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін жетеді.

Осыған байланысты ТЖД тұрғындарды жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуға шақырды.

Сондай-ақ, желдің күшеюі кезінде келесі жағдайлар ұсынылады:

  • ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үй-жайда болу);
  • үйдің терезелері мен есіктерді мықтап жабу қажет;
  • ауладан, ашық балкондардан үйіңізге зиян келтіруі мүмкін тұрмыстық заттарды алып тастау керек;
  • көшеде жүргенде жақын кіреберісте немесе дүкенде жасырынуға тырысыңыз;
  • билбордтардың, ағаштардың астына, үйлердің қабырғаларында жасырынуға болмайды, өйткені шатыр құлауы мүмкін;
  • қатты жел кезінде электр беру желілерінен аулақ болған абзал.
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.